Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • 25 мамыр - Соңғы қоңырау салтанаты.

     Мектеп директорының сөзі:
        Қадірлі ата – аналар, ұстаздар, мектеп түлектері және қонақтар!

        Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн...
        Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері  араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Бүгін соңғы қоңырау!
        Қызығы мен қиыншылығы мол, оқушыларды сыныптан - сыныпқа көшіріп, асыға күткен жазғы демалысқа  шығарып салатын  дәстүрлі мектеп мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты құтты болсын, мектеп түлектері,  жиналған барша қауым!
     Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: « XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты  азаматтар. Оларды  оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау  машығын игеру болуға тиіс», - деп атап  көрсеткеніндей, сындарлы ойлауға, функционалдық сауаттылыққа  баулыған биылғы оқу жылы да сондай табысты, ерекше жылдың  бірі болып саналады.
     2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша мектебімізде - 491 оқушы, мектепалды даярлық тобында – 53  тәрбиеленуші, барлығы  544 шәкірт, 65 ұстаз бірігіп еңбек етіп, білім саласында елеулі жетістіктерге жетті.  Жылдық қорытынды бойынша: 1-11 сыныптырда 181 оқу озаты: 162 оқу екпіндісімен аяқтап, 69,8 % білім  сапасын көрсетіп отыр. Биылғы мектеп бітіретін 19 түлектеріміздің арасында - 2 оқу озаты, 8 -оқу екпіндісі бар. Сонымен қатар биылғы мектеп мақтаныштары: Қуанышев Абылайхан «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 9 сынып оқушылары: Мизамгалиева Зерде, Бисенова Миленна, Сержанова Әлфия «Үздік куәлікке» үміткерлер. Аудандық кіші пән олимпиадасына қатысқан 16 оқушының 8 - і жүлделі орындарды иеленді. 4 сынып оқушысы Мырзагалиев Тимур (Альмешева Б.С.)облыстық олимпиадаға қатысты.
    Аудандық 9-11 сыныптар аралығында пән олимпиадасына 15 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысымен 5 оқушы: олар 11а сынып оқушысы Қуанышев Абылайхан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І орын / мұғалімі Жәйлі Г.А./, 11б сынып оқушысы Суюнбаева Жаннат орыс тілі мен әдебиетінен І орын /мұғалімі Смирнова Р.В./, 10а сынып оқушысы Райханов Санжар география пәнінен І орын /мұғалімі Дюсалиева Д.Е./, 9б сынып оқушысы Сагингалиева Жұлдыз география пәнінен ІІ орын / мұғалімі Базарбаева М.К./, 10а сынып оқушысы Қуандықова Ляззат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын /мұғалімі Бергалиева Н.Ш./ жүлдегер атанып, оның үшеуі облыстық кезеңге қатысып, облыстан 10 сынып оқушысы Райханов Санжар ІІІ орынды иеленді.
    Барлық пәндер бойынша жыл бойына мұғалім де, оқушылар да арнайы кестеге сай Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, үздік нәтиже көрсете білді. Халықаралық          «Кенгуру-математика барлығына» интеллектуалдық конкурста мектебіміздің 28 оқушысы ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, орыс тілінен Республикалық қашықтық олимпиадасында жүлделі І орынды 6 сынып оқушысы Ергалиева Нұрай, ІІ орынды 7 сынып оқушысы Потанин Александр, ІІІ орынды 6 сынып оқушысы Мустафиев Амантұрлы иеленді. (мұғалімі Смирнова Р.В.)
        Математика пәнінен 7 сынып оқушысы Зейнешева Камшат ІІІ орынды (мұғалімі Жұмағалиева Э.С.) иеленді.
    «Оқушының жылт еткен жақсылығын аңдып, өзінде барды шәкіртіне сәуле ғып құюға асыққан жаны жайсаң жандар, бұл –ұстаздар», - десек биылғы оқу жылында тың жетістіктерге жете білген мұғалімдеріміздің де еңбегі ұшан-теңіз. «Үздік оқу әдістемелік кешен» байқауында информатика пәні мұғалімі Сабиров Біржан аудандық байқауда жүлделі І орынды иеленіп, облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді.
    Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында өткізілген «Абайды оқы,таңырқа...» атты байқауда жүлделі І орынды иеленген Жәйлі Гүлзада Аханғалиқызы, облыста өткен панорамалық сабақ байқауында «Тәжірибелі ұстаз» номинациясын да жеңіп алды.
    Математика пәні мұғалімі Жұмағалиева Э.С. аудандық математика және физика пәндері мұғалімдерінің арасында «Менің білім беру бағдарламам» тақырыбында өткізілген аудандық сырттай панорамалық сабақ байқауында ІІ орынды иеленсе, физика пәні мұғалімі Киишева В.Н. «Жаңашыл ұстаз» аталымын иеленді.
       Аудандық бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген пән олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі А.К.Жаманова жүлделі І орынды, аудандық мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасындағы сырттай «Ойнайық та,ойлайық» видеороликтер байқауында мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сұлтанова Лунара жүлделі І орынды иеленді. Бастауыш сынып мұғалімі Альмешева Б.С. аудандық «Флипчарт-сабақ» байқауында «Үздік флипчарт сабақ» номинациясына ие болды. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Есенова облыстық «Бастауыш сынып және пән мұғалімдерінің олимпиадасына» қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, облыстық білім басқармасының арнайы дипломымен марапатталды.
    Жақында ғана өткен аудандық физика пәні мұғалімдері арасында өткен жас мамандар сайысында мектебіміздің физика пәні мұғалімі В.Н.Киишева ІІІ орынды, математика пәні мұғалімдері арасында өткен жас мамандар сайысында математика пәні мұғалімі А.Д.Садыкова І орынды, математика пәні мұғалімі И.М.Мусагалиев ІІ орынды иеленді.
       «Кемеңгер елдің көреген басшысы» атты кітапханашылардың сырттай аудандық, облыстық байқауында мектеп кітапхана меңгерушісі Ж.А.Ершуканова І орынды иеленді. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың география және жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен «Менің өмірімдегі география» атты ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 9а сынып оқушысы Махамбетова Аружан жүлделі ІІ орынды иеленді (жетек. Дюсалиева Д.Е.). Күні кеше өткен «Қітап – сарқылмас қазына» атты аудандық бастауыш сынып оқушыларының мәнерлеп оқу сайысында 3 сынып оқушысы Кенжебекұлы Тамирлан жүлделі ІІІ орынды иеленді (мұғалімі Бектурганова А.Х.).
    Облыстық өзге ұлт өкілдеріне арналған «Балбұлақ» фестиваліне мектебіміздің өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысып, орыс халқының «Үйшік» ертегісін қазақ тілінде құрып, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі технология пәні мұғалімі М.М.Юсупбекова.
       Облыстық «Оқитын отбасы-ғасыр үлгісі» тақырыбында өткен байқауда мектебімізден Рахимберлиевтер отбасы «Кітап құмар отбасы» номинациясын иеленіп қайтса, жақында өткен аудандық «Мерейлі отбасы» атты отбасылық байқауда Мусағалиевтер отбасы Бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
    Облыстық «Ұлықтайды Жұбанын, ұмытпайды туған ел!» тақырыбында Жұбан оқуларында 11а сынып оқушысы Қуанышев Абылайхан «Мен балаң жырларымен жалындаған...» бағамы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын, Ата мирас мәңгілік дүние боп...» бағамы бойынша жүлделі ІІ орынды 9 сынып оқушысы Жасталап Елжас иеленді. Облыстық «Тарих тағылымы-ұлт мұратының көкжиегі» атты Хамза оқуларына қатысып,өз өнерлерін көрсеткені үшін Махамбетова Аружан 10а сынып оқушысы, Ержанова Аружан 8а сынып оқушысы,11а сынып оқушысы Қуанышев Абылайхан арнайы дипломдармен марапатталып келді. Аудандық ІV Қадыр оқуларының байқауында жүлделі І орынды 6б сынып оқушысы Аслан Қадырғалиев иеленді.
      Жазғы демалысты ұтымды ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы «Бәйтерек» лагерінде 423 бала 4 кезеңде демалады деп, сондай-ақ ауданаралық «Атамекен», «Ақшағала», «Жас қыран» лагерлерінде де оқушылар тынығады деп жоспарлануда. Оқудан үздік болған шәкірттер жыл бойына спорттық шараларға да белсене қатысып келді. Волейболдан 3 рет аудандық жарыста мектептің қыздар командасы І орынды, мектептен аудандық құрама командаға енген ұлдар командасы облыстан ІІ, ІІІ орынды, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған волейболдан қыздар командалар арасында Ақжайық аудандық ашық біріншілікте мектептің қыздар командасы (жаттықтырушы-ұстазы М.М.Мендыгалиев) І орын иеленді. Дзюдодан республикалық турнир жеңімпазы, облыстық қазақ күресі, самбо күресінің жеңімпазы 11а сынып оқушысы Адиетов Райымбек Қазақ күресінен «Жас барыс» атты облыстық турнирде жүлделі ІІІ орынды, самбо күресінен облыстық чемпионатында І орынды иеленді.
    Бүгін 63-ші түлегін ұшырғалы тұрған мектеп қабырғасынан осыған дейін 3317 оқушы білім алып,15 оқушы мектепті «Алтын медальмен», 19 оқушы «Күміс медальмен», 18 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болған екен. Армысың,
    Ата – мектеп!
    Ана – мектеп!
    Архивы балалықтың қалды сенде,
    Жартысы жүрегімнің секілденіп.
    Жаратқан ат жалына бәрімізді,
    Осы жер!
    Осы халық!
       Осы мектеп!- деп ақын, мектебіміздің түлегі Сағат Әдбуғалиев өзінің «Калмыков мектебіндегі ой» деген өлеңінде айтып кеткеніндей, бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1996 жылы; осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы және осыдан 45 жыл бұрын, яғни 1971 жылы бітірген мектеп түлектері қасиетті қара шаңырақ – алтын ұя мектептеріне келіп, бүгінгі салтанатқа қатысып тұр. «Адам ісімен көрікті, жақсылығымен ел есінде қалады»,- дегендей туған жерге, туған мектебіне тағзым етіп, жақсылық жасау да үлкен адамгершілік парызы екенін ұққан мектеп түлектері құны 1 миллион 200 мың теңге тұратын қоршау-шарбақпен мектептің оң жақ қанатын жаңғыртқан мектебіміздің 1986 жылғы түлектеріне, мектеп ішіне ауыз су кіргізуге қажетті құбыр-құралдармен қамтамасыз етіп отырған мектептің 1996 жылғы түлектеріне «Жақсылық еккен алғыс орады» дегендей еңбектеріңізге жетістік, дендеріңізге саулық, тың табыс тілеп, мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз!
      Сөзімді қорытындылай келе, қымбатты бүгінгі мектеп түлектері! Сіздерге «Сәт сапар» тілеп, үлкен сенім мен үміт артып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, егеменді еліміздің тірегі болып, Отанымыздың гүлденуіне атсалысыңыздар деп тілек білдіремін!
    Қадірлі әріптестер! Бүгінгі мерекеге жиналған барша қауым!
      Сіздерді «Соңғы қоңырау» салтанатымен шын жүректен құттықтап, білім бәйгесінде биіктерден көрінетін, еліміздің ертеңі – жас жеткіншектерді тәрбиелеуде деңдеріңізге саулық, нәтижелі еңбек, толағай табыстар тілеп, елімізде тыныштық пен бейбітшілік, береке болсын дегім келеді!
      «Соңғы қоңырау» салтанаты құтты болсын!

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки